Skip to content

«5 Маусым — Қоршаған ортаны қорғау күні»

«5 Маусым — Қоршаған ортаны қорғау күні»

Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының № 1664 хатына сәйкес, Республикалық «Эколог сағаты» акциясы аясында №49 жалпы орта білім беретін мектептің 1–6 сынып оқушылары үшін «Абай» саябағында сурет салу дәріс сабағы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру және қоршаған ортаны қорғауға баулу. Дәріс барысында оқушылар жануарлар әлемімен танысып, биоалуантүрлілікті сақтау мен экологиялық қауіпсіздік туралы маңызды ақпараттар алды.

Табиғат аясында өткен кездесу оқушылардың қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттырып, экологиялық сауаттылықтарын дамытуға ықпал етті.

Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз!