Skip to content

«EduCAMPShym» жобасы аясында кәсіби бағдар беру бағытында Шымкент қаласы

«EduCAMPShym» жобасы аясында кәсіби бағдар беру бағытында Шымкент қаласы

№49 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-8 сынып оқушылары «Энергетика және байланыс колледжі» және «Орталық Инновациялық Азия университеті» ұйымдастырған танымдық іс-шараға қатысып қайтты.

Мақсаты: Оқушыларға кәсіби бағдар беру, олардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыру.

Іс-шара барысында оқушылар оқу орындарының тыныс-тіршілігімен танысып, заманауи мамандықтар туралы мағлұмат алды. Әсіресе техникалық бағыттағы білім беру мүмкіндіктері балалардың қызығушылығын арттырды.

Мұндай шаралар оқушылардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуына, білімге деген ынтасының артуына үлкен әсер етеді.

Балаларға ерекше әсер сыйлаған бұл күн есте қаларлықтай өтті!