Қуанышқа толы күн – «My Kids» ойын-сауық орталығында!
Бүгін «Шұғыла» жазғы сауықтыру лагеріне қатысушы оқушылар «My Kids» ойын-сауық орталығына барып, көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсерге толы күн өткізді.
Балалар түрлі ойын алаңдарында белсенді ойнап, достарымен бірге қызықты уақыт өткізді. Әрбір сәт қуанышқа, күлкіге және жағымды эмоцияларға толы болды.
Ойын-сауық орталығындағы көңілді атмосфера балаларға ерекше серпін сыйлап, жазғы демалыстың көркін аша түсті.
Осындай қызықты іс-шаралар арқылы оқушылардың бос уақыты тиімді ұйымдастырылып, олардың жақсы көңіл күйі мен белсенді демалысына мүмкіндік жасалуда.
Балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері – күннің ең жарқын көрінісі!
https://www.facebook.com/100017101413898/videos/pcb.2051854808727880/4638121463178235