«Жазғы оқырман әлемі» жобасына қош келдіңіздер!
Құрметті 4–5 сынып оқушылары!
Жазғы демалыс – қызықты оқиғалар мен жаңа әсерлерге толы ерекше кезең. Осы орайда сіздер үшін 20 көркем әдеби кітаптан тұратын арнайы кітап көрмесі дайындалды.
Лагерь уақытында кітапханаға келіп, қызықты кейіпкерлермен танысып, ертегі мен хикаяға толы ғажайып әлемге саяхат жасауға шақырамыз. Кітап оқу – ойды дамытып, қиялды қанаттандыратын ең жақсы серік.
Жазғы демалысты кітаппен бірге көңілді әрі пайдалы өткізейік!
Кітапхана сіздерді асыға күтеді!
