«Біз жүйрікпіз, шапшаңбыз!»
Шымкент қаласы
№49жалпы орта білім беретін мектебінде 04.06.2026ж.күні «Шұғыла» жазғы сауықтыру алаңында «Біз жүйрікпіз, шапшаңбыз!» атты көңілді эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды. Балалар әртүрлі қызықты тапсырмаларды орындап, өздерінің жылдамдықтарын, ептіліктерін және ұйымшылдықтарын көрсетті.
Жарыс барысында қатысушылар белсенділік танытып, жүлделі орындармен марапатталды. Қатысушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Эстафеталық ойындар балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, достық қарым-қатынасты арттыруға және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Көңілді жаздың әр күні қызықты әрі пайдалы өтуде!