⠀ №49 жалпы орта білім беретін мектебінде»Құқықтық сауаттылық» айлығы аясында 20.09.2021ж. күні бала тәрбиесінде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен онлайн жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Ұл мен қыз»тәрбиесі, «Жыныстық» тәрбие, «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың» алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, мектептің ішкі тәртіп ережесі, оның ішінде ата-аналардың міндеттері туралы бөлімімен таныстырылды.
Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға мектеп әкімшілігі тұшымды жауаптар қайтарды.


