Skip to content

Қыста кітап оқимыз, жадымызда тоқимыз

Қыста кітап оқимыз, жадымызда тоқимызОқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы «Балалар кітапханасы» бағдарламасы және «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында 2024-2025 оқу жылының 30 желтоқсан – 8 қаңтар аралығындағы қысқы демалыс кезінде мектеп оқушыларының бос уақытын пайдалы өткізу мақсатында оқушылар оқитын әдебиеттер тізімін ұсынған болатын.Осы орайда №49 жалпы орта білім беретін мектебі кітапханасының қызметкерлері «Қыста кітап оқимыз, жадымызда тоқимыз» тақырыбында түрлі іс-шара ұйымдастырды.Іс-шараның негізгі мақсаты оқушылар арасында оқуға деген қызығушылықты дамыту, олардың мәдени деңгейін көтере отырып, ана тіліне деген құрметтерін арттырып, сондай-ақ оқылған шығармаларды талдау және талқылау дағдыларын қалыптастыру болды.